Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 29 наурыздағы доллардың орташа бағамы 315,24 теңгені құрады. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайты хабарлады.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 315,00 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 315,55 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 315,54 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 44 млн 800 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 115.
Ақша айырбастау орындарында 29 наурыздағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15:50) Алматыда 316 теңгені құраған.
Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024