Шымкент. 3 мамыр. 7kun.kz - Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерден бір миллион АҚШ доллар талап еткен күдікті ұсталды. Бұл туралы inform.kz хабарлады.
Белгілі болғандай, өңірдің ІІД-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Сайрам ауданының жергілікті тұрғыны арызданған. Кәсіпкер өз арызында кәсібіне тыныштық бермей отырған азамат, бір миллион АҚШ долларын талап еткенін көрсеткен.
Жедел іс-шаралар жүргізу барысында осы қылмысқа қатысы бар деген күдікті ұсталған. Ол Сайрам ауданында тұратын кәсіпкерден қомақты ақша алып жатқан жерінде қолға түсті. Үйін тексеру барысында 9 дана атыс, жарақат салатын, пневматикалық қарулар және мыңға жуық әр түрлі калибрлі оқ-дәрілер тәркіленді.
Енді күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің екі бабымен «Қорқытып алу» және «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша іс қозғалып, тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр.
Сот қаулысымен ұсталған күдікті 2 айға уақытша тергеу абақтысына қамалды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оның өзге де қылмыстарға бар-жоғын анықтап жатыр.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024