Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кәсіпкерлер мен "Қазинвестбанк" АҚ арасындағы дау шешілген жоқ

Кәсіпкерлер мен "Қазинвестбанк" АҚ арасындағы дау шешілген жоқ

Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz - "Қазинвестбанк" АҚ лицензиясынан айырылғаннан кейін кәсіпкерлер әлі де проблемаларын шеше алмай жүр. Бұл туралы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлады.

Оның ішінде ең көп кездесетін мәселелер: бірінші - өтелген кредит бойынша кепіл мүлікін қайтару; екіншісі - "Қазинвестбанк" есепшотында қаражаты бар кәсіпкерлерге салық төлеуді кейінге шегеру мүмкіндігін беру; үшіншіден - қарызды өтеудегі жұмыстар және "Қазинвестбанк" АҚ активтері мен міндеттемелерін өзге банкке беру шараларын тездету.

Бүгінге дейін мұның екеуі ғана шешілген.

1.Ұлттық банк Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ресми хат жолдады. Онда егер қарызды толық өтеген болса кепіл мүлік иесіне қайтарылады делінген. Қазіргі таңда біршама клиенттердің өтініші қанағаттандырылып, мүліктері кепілдіктен босатылды.

2. Ұлттық банк "Қазинвестбанк" АҚ активтері мен міндеттемелерін алатын банктің таңдалып қойғанын және соған қатысты жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Қаржы реттеуші өздерінің тарапынан да, уақытша әкішілік тарапынан да бұл сауалдың қатаң бақылауға алынғанын хабарлады.

Похожие материалы