Экономика
IT, Технология
«KADEX-2016» көрмесінің алаңында әскери техниканың ең соңғы үлгілері ұсынылды
Астана. 2 сәуір. 7kun.kz - IV халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі өз жұмысын бастады. Көрменің ашылуы өз экспозицияларын ұсынатын павильондармен таныстырудан басталды. Бұл жөнінде ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Көрменің маңызды құрамдас бөлімі іскерлік бағдарлама, яғни, халықаралық әскери ғылыми-техникалық конференция, тұсаукесер, дөңгелек үстелдер болды. Демонстрациялық және іскерлік бағдарламалар негізгі міндетке қол жеткізуге, яки, қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің үдемелі, қарқынды дамуына, инвестицияны тартуға, жетекші халықаралық өндірушілермен әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. [gallery columns="2" size="medium" ids="44199,44200,44201,44202,44203,44204,44205,44206,44207,44208"] «Beretta» итальяндық компаниясы өз өнімін, яғни, ARX160A3, ARX300 шабуылдағыш винтовкаларын, APX тапаншасы мен өзге де атыс қару-жарағы және жеке қорғаныс құралдарын көрсетті. Сондай-ақ Sako (Tikka TRG 22/42 TRG -M10) мерген винтовкалары мен оған қоса берілетін өзге де керек-жарақтар ұсынылды. Ашық алаңдарда әскери техниканың ең соңғы үлгілері өрістетілді. Меймандар мен қатысушылар дүркін атыс зымыран жүйелерінің ең соңғы үлгілерін, заманауи радиоэлектрондық күрес және авиациялық техниканың әртүрлі типтерін тамашалады. «Бүгін біз «Град» ҰМ-21 ДАЗЖ жаңғыртылған ұрыс машинасын ұсындық. Ол барлық заманауи стандарттарға сай келеді. Жаңғырту барысында қазіргі заманғы технология қолданылған. Толыққанды автоматтандырылған, оқ атудың дәлдігі жоғарлатылған, спутниктік және автоматтандырылған жүйесі де бар. Ұрыс алаңындағы төзімділігі алдыңғы маркаға қарағанда әлдеқайда жоғары. Сынамадан өткізген соң біз оны еліміздің Қарулы Күштері ұрыс машиналарының сериясына кіреді деп күтудеміз. Көрме өңірлерге және өзге де елдерге шығу мүмкіндігін береді. Мұндай іс-шаралар өте пайдалы. Бұл жерде өзге елдердің әскери өнімінің жаңа үлгілерімен танысып, олардан тәжірибе жинақтап, нәтижесінде өз мүмкіндіктерімізді арттыруға әбден болады», - деді «Қазтехнологиялар» компаниясының бас маманы Андрей Карыпов.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024