Санта-Барбара аймағындағы Калифорния штатының билігі мұнай ағып кетуіне байланысты төтенше жағдай жариялады. Plains All American Pipeline компаниясына тиесілі құбырдағы апаттан кейін Тынық мұхитына 2,5 мың баррель мұнай төгілген деп хабарлайды Еуроньюс.
Су бетінде ұзындығы 14 шақырым болатын дақ пайда боды. Бұл аймақтағы соңғы 18 жылдағы ең көлемді апат деп саналып отыр. "Біз ластану аймағынан алысырақ болуға кеңес береміз. Мұнай өнімдерінің улы заттары денсаулыққа кері түрде әсер етеді", - деп ескертеді Санта Барбараның денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Такаши Вада. Билік белсенді түрде су беті мен жағалауды тазалап жатыр. Операцияға 9 кеме тартылған. Аймақтағы танымал жағажайлар жабылып, балық аулау тоқтатылды. Федералды реттеуіштер құбырдағы апат себебін анықтап жатыр. Ал All American Pipeline өкілі компания атынан кешірім сұрады. "Біз жануарлар әлемі мен қоршаған ортаға тигізген шығын үшін кешірім сұраймыз. Жергілікті тұрғындар мен аймақ қонақтарына ыңғайсыздық танытқанымызға шын көңілімізден өкінеміз", - деді ол. Жағажайды тазалауға Калифорния университетінің студенттері де көмектесіп жатыр. Айта кетейік, АҚШ-та ел тарихындағы ең ірі экологиялық апат деп танылған мұнайдың ағып кетуіне байланысты дау әлі де жалғасып жатыр. 2010 жылы Мексика шығанағындағы Deepwater Horizon бұрғы мұнарасы атылған еді. 11 мұнайшы қайтыс болып, шығанақ аймағының ластануы 3 ай бойы жалғасты.Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024