Канада билігі қытайлық Huawei және ZTE компанияларының жабдықтарын 4G және 5G желілерінде пайдалануға тыйым салады, деп хабарлайды 7kun.kz Канаданың үкіметтік сайтына сілтеме жасап.
"Канада үкіметі Huawei және ZTE сияқты провайдерлерге қатты алаңдайды, олар шетелдік үкіметтердің соттан тыс нұсқауларын Канада заңына қайшы келетін немесе Канада мүдделеріне нұқсан келтіретіндей етіп орындауға мәжбүр болуы мүмкін", – делінген хабарламада.
Канада билігі Ұлттық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерден телекоммуникациялық жүйені нығайтатын заңнамаға түзетулер енгізуді жоспарлап отыр. Елдің ең жақын одақтастары да "осы екі компанияға қатысты алаңдаушылық танытып отыр" деп жазылған ресми хабарда.
"Канада үкіметі канадалық телекоммуникациялық провайдерлерге Huawei және ZTE өнімдері мен қызметтерін 5G желілерінде орналастыруға тыйым салуға ниетті екенін хабарлайды", – дейді Үкімет сайты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024