Канада билігі украиналық босқындарға 1,5 мыңнан 2,4 мың долларға дейін төлейді
Канада. 3 маусым. 7kun.kz – Канаданың иммиграция, босқындар және азаматтық істер министрі Шон Фрейзер және Отбасы, балалар және әлеуметтік даму министрі Карина Гулд Канадаға келген украиндар енді уақытша қаржылық көмек алуға өтініш бере алады деп мәлімдеді. Бұл туралы Канада үкіметінің сайтында жазылды.
"Бұл қаражат Украина азаматтары мен олардың отбасы мүшелеріне Канададағы қауымдастықтарға келгенде көлік және ұзақ мерзімді тұрғын үй сияқты негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға және жұмыс табуға көмектеседі", – деп жазылған ресми хабарламада.
Көмек сомасы ересек адамға 3 мың доллар және 17 жасқа дейінгі балаға 1,5 мың доллар бір реттік төлемнен тұрады.
Оған Канадада жұмыс істеуге, оқуға, уақытша тұруға рұқсаты бар барлық украиндар мен олардың отбасы мүшелері үміт арта алады. Көмек алуға өтінімдер қазірдің өзінде ашылған. Өтініш Канада үкіметінің онлайн-порталы арқылы берілуі керек. Үміткерлердің канадалық қаржы мекемесінде банктік шоты болуы керек.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024