Канада үкіметі General Motors автоконцерніндегі акциялар пакетін Goldman Sachs Group Inc. банкіне сатты деп хабарлайды СВС арнасы. Елдің қаржы департаментінің мәлімдеуі бойынша, барлығы 3,3 млрд доллар тұратын 73,4 млн акция сатылған.
СВС-дің атап өтуінше, министрлер кабинеті келесі сайлауға дейін 2015 - 2016 жылдардың бюджетін тұрақтандыру деген уәдесін орындау жолдарын қарастыруда. Әлемдік мұнай бағасының төмендеуінің салдары ел экономикасына негативті ықпал етіп отыр. Осыған дейін ел үкіметі GM акцияларын сату бюджет тапшылығының орнын толтырады деп мәлімдеген еді. 2014 жылы Канада үкіметі 2015-2016 жылдарда бюджет профициті болады деп болжам жасағанымен, мұнай бағасының төмендеуі мұны жоққа шығарды.
Айта кетейік, Канада - үкіметі автоөндірушіні банкротқа ұшыратпау үшін GM акцияларын сақтап қалған Солтүстік Америкадағы жалғыз ел. Канаданың Онтарио провинциясы GM-дегі акцияларын 2015 жылдың қысында, АҚШ үкіметі 2013 жылдың желтоқсанында сатып жіберген.
Елдің қаржы министрі Джо Оливердің мәлімдеуінше, автоконцерннің акцияларын сату GM-нің жекеменшікке оралатындығын және салық төлеушілердің нарықтағы қауіп үшін тәуекелге бармайтындықтарын білдіреді. "Біз GM-дегі инвестицияларымыз уақытша болады деп жоспарлағанбыз. Үкімет жекеменшік компанияларға ұзақ уақытқа акционер болады деп ойлаған емеспіз", - деді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024