Астана. 12 сәуір. 7kun.kz - «Capital Bank Kazakhstan» АҚ басқарма төрағасы лауазымына «Tengri Bank» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары Бақтияр Ілиясов тағайындалды. Бұл туралы inform.kz хабарлады.
«Директорлар кеңесінің 2017 ж. 10 сәуіріндегі №10 шешіміне сәйкес, Бақтияр Әбдінұрұлы Ілиясовтың "Capital Bank Kazakhstan» АҚ Басқармасының төрағасы болып ауысуына байланысты, оның «Tengri Bank» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары - Басқарма мүшесі ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды», - деп жазылған Тенги банктің баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, Бақтияр Ілиясов - Экономика ғылымдарының кандидаты және қаржы саласында 17 жылдық жұмыс тәжірибесі бар.
«Кадрлік орын ауыстыру екі қаржы институтының қосылу процесі аясында жүзеге асты. Негізгі күш үздік тәжірибелерді, технологиялар мен бизнес-процестерді, сондай-ақ қызметкерлерді сақтауға бағытталады. Бұл екі банк клиенттерінің жоғары сенімділік деңгейін сақтайды. Сонымен қатар, бекітілген жоғары қызмет көрсету стандарттарына нұқсан келтірмей, бірігуге мүмкіндік береді», - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін Ғани Өзбековтың «Capital Bank Kazakhstan» АҚ басқарма төрағасы қызметінен кеткені хабарланған еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024