Fingramota.kz коронавирус инфекциясы тақырыбына байланысты қаржылық алаяқтықтың жаңа түрлерінің таралғаны туралы хабарлады.
Алаяқтар Интернетте және әлеуметтік желілерде COVID-19 диагностикасы бойынша қызмет көрсету, әуе және теміржол билеттерінің, театр және концерттер билеттерінің құнын қайтару, 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік көмекті қоса алғанда, әртүрлі жәрдемақы алу туралы хабарландырулар таратады.
Сондай-ақ, өздерін қаржы ұйымдарының қызметкеріміз деп таныстырып және кредиттер бойынша мерзімін кейінге қалдыру, банктік шоттар ашу және банктерге, микроқаржы ұйымдарына, ломбардтарға өтініш беру бойынша қызметтерді ұсына отырып қарыз алушыларға хабарласады.
Коронавирус, қорғаныш құралдарын сатып алу немесе осы инфекциядан емдеу туралы ақпарат бар электрондық хаттарды белсенді түрде таратады. Онда жеке деректерді енгізу немесе банктік операцияларды жүргізу қажеттілігін сылтауратып түрлі ресурстарға сілтеме беріледі. Немесе инфекциямен күресуге қайырымдылық жасауды ұсынады және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның хаттарын жібереді, оған жауап бергендердің төлем карталарының деректерін алуға тырысады.
Олар сонымен қатар Facebook, Instagram және Telegram сияқты әлеуметтік желілерде алаяқтық боттарды құрып, желі пайдаланушыларымен хат алмасуға кірісіп, олардың сеніміне ие бола отырып белсенділік танытады.
Алаяқтар пайдаланушының дербес деректерін біліп алу мақсатында әртүрлі қулыққа барады. Бұлар ЖСН, төлем картасының немесе шоттың деректері, SMS-хабарламаның коды және тіпті ЭЦҚ.
Жеке дербес деректерін, оның ішінде ЭЦҚ-ны беріп қойсаңыз, картадағы немесе шоттағы барлық қаражатыңызды шешіп алуы, сіздің атыңызға күмәнді мәмілелер ресімделуі, мәселен, пәтердің қайта ресімделу немесе бөгде адамдардың сіздің пәтерде тіркелу қаупі бар.
Күдікті интернет-ресурстарда тіркеуден өтпеңіз. Бүкіл әлемде белең алып жатқан қаржылық алаяқтықтың кезекті түрі – жалған сауалнамалар мен басқа да ақылы тапсырмалары бар алаяқтық сайттар.
Сауалнамалар жүргізетін бұл сайттар шын мәнінде қатысушыларға ақша төлемейді. Олар азаматтарға сайтта тіркеуден өтіп, бірнеше ақылы сауалнамаға жауап беру ұсынылады. Қатысушыларға минут сайын, сағат сайын немесе жауап берген сұрақтардың саны бойынша ақы төлеуді ұсынады. Соңында ақыны түгел емес, лимитпен берілетінін айтады. Толық алу үшін бір сома енгізуді немесе карта мәліметтерін толық жіберуді сұрайды.
Алаяқтар жүргізілген сауалнамалардың демеушілері немесе тапсырыс берушілері ретінде танымал ірі компаниялар мен екінші деңгейдегі банктерді көрсетуі мүмкін. Осындай сайттардың көбі бірдей дизайнмен және қызметпен бір интерфейстерде жасалғандықтан белгілі бір ұқсастықтары болуы мүмкін. Жалған сауалнама сайттарында тіркеуден өткен пайдаланушылар өз аккаунттарын жоя алмайды, олардың деректерін алаяқтар пайдалануы мүмкін.
Кибер-гигиенаны сақтаңыз:
1. Төлемдерді растау үшін пайдаланылатын парольдерді, кодтарды немесе конфиденциалды деректерді ешқашан ешкімге хабарламаңыз. Қауіпсіздіктің заманауи жүйелері басқа адамдарға парольдер мен кодтар берілмейтіндей етіп жасалады.
2. URL-адресті тексеріңіз. Әсіресе таныс емес жөнелтушілерден алынған сілтемелерді тексеріңіз. Қаскүнемдер жазылуы бойынша ұқсас домендерді жиі пайдаланады.
3. Конфиденциальды ақпаратты, мысалы парольді енгізу талап етілетін сайттарда HTTPS: // префиксінің болуын тексеріңіз.
4. Заманауи браузерлердің көпшілігінде фишингтің жаппай шабуылына қарсы тұрудың ендірілген тетіктері бар. Қауіптер туралы браузердің хабарламаларына назар аудару керек.
5. Егер сіз ұйымдардың сайты немесе парақшасының фейктік екендігіне көз жеткізсеңіз, сол ұйыммен байланысыңыз және өз банкіңіздің интернет-банкинг жүйесінде төлем жасағыңыз келсе ақпаратты нақтылап алыңыз. Ең бастысы Банкке қоңырау шалып, ақпаратты нақтылап алған жөн. Есіңізде болсын, банк менеджерлері алдымен клиентке қоңырау шалмайды, сондықтан сізге қоңырау шалып, сіздің шотыңыздағы түсініксіз транзакцияларды бұғаттау үшін SMS арқылы келіп түскен кодты сұраса, телефонмен сөйлесуді аяқтап, сізге қызмет көрсететін банкке хабарласыңыз.
6. Егер сіз күдікті сайтта тіркелген болсаңыз, онда жеке деректеріңізді қорғау үшін электрондық поштаңызды өзгерту керек.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024