Сәуір айында төлем карталары бойынша ақша айналымы 679,2 млрд теңгені қамтыды. Бір белсенді картаға шаққандағы ақшалай операциялардың орташа айлық көлемі - 95,9 мың теңге. Бұл туралы ranking.kz сараптама қызметі хабарлайды.
Карталар бойынша ақша айналымы бір ай ішінде 43,7 млрд теңгеге (6,9%) артты. Ал өткен жылдың сәуір айымен салысырғанда 94,2 млрд теңгеге (16,1%) жоғарылады. Қолма-қол ақшаны шешіп алуға қатысты операцияларға 90,6% (615,2 млрд теңге) тиесілі. Қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі - 64 млрд теңге. Бір ай ішінде бір белсенді картаға шаққандағы ақшалай операциялардың орташа айлық көлемі 6%-ға жоғарылады, бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 7,6%-ға артып отыр. Карталар айналымы көлемінің ең жоғары өсімі Батыс Қазақстан облысында тіркелген. Сәуір айында облыстың бұл көрсеткіші 12,9%-ға, 23,2 млрд теңгеге дейін артқан. Екінші орында - Алматы қаласы (өсім - 11%, 166,5 млрд теңгеге дейін). Бұдан әрі - Маңыстау облысы (өсім - 8,3%, 43,5 млрд теңгеге дейін).Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024