Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

KASE деректердің жылыстауы туралы ақпаратты жоққа шығарды

KASE деректердің жылыстауы туралы ақпаратты жоққа шығарды

Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында (KASE) сайтта орналастырылған деректердің қорғалмағандығы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Айта кетейік, нарықта биржа сайтында мәліметтер таралып жатқаны туралы ақпарат пайда болған. Алайда, KASE басқарма төрағасының орынбасары Идель Сәбитов айтуынша, ақпарат авторы сілтеме жасап отырған бағдарлама іздеу жүйелеріне арналған нұсқаулықтары бар қарапайым мәтіндік файл – robots.txt.

«Оның негізгі мақсаты - іздеу жүйелерінің роботтары үшін сайтты индекстеу ережелерін орнату, бірақ ақпаратты қорғау үшін емес. Robots.txt параметрлері ұсынымдық сипатта болады. Іздеу роботтарының негізгі массасы осы ережелерді айналып өтіп, көрсетілген файлмен жабылған сияқты ақпаратты оңай ала алады. Сайтта robots.txt файлының болмауы өнімнің ақпараттық қауіпсіздігінде қандай-да бір кемшілік бар дегенді білдірмейді, тіпті сайттарды бағдарламалауда ешқандай қателік болмайды", - деп түсіндірді KASE төрағасының орынбасары.

Ол сайттың әзірлеушілері robots.txt файлын әдейі жасамағанын, осылайша сайттың іздеу жүйелері үшін қол жетімді бөлімдерінің көрінетіндігін растады.

Сонымен қатар, оның айтуынша, robots.txt құпия ақпаратты шынымен қорғай алмайды.

"Бұл оның міндеті емес. Бұл файл ақпараттық қауіпсіздік құралы емес. Ол үшін арнайы қорғау құралдарын, мысалы, құпия сөзді қолдану қажет. Сонымен қатар, сайтта пайдаланушыларға қол жетімді ақпарат ашық және көпшілікке таратуға арналған екенін ескертемін. Құпия ақпарат KASE жабық бөлімдерінде орналасқан, олар тікелей қатынау үшін қолжетімді емес және қажетті тетіктермен қорғалған", - деп түйіндеді Сабитов.

Похожие материалы