Алматы. 29 шілде. 7kun.kz — "Қазақстан қор биржасы" АҚ (Қазақстан) валюталық нарықтағы орталық контрагенттің қызметін дамыту шеңберінде биржалық нарықта саудаланатын шетел валюталарында өтімділікті ұсыну бойынша қызмет көрсету туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы биржаның баспасөз қызметі хабарлады.
Келісім төмендегідей болды:
- Қытай юані бойынша "Алматы қаласындағы Қытай сауда-өнеркәсіптік банкі" АҚ-мен (ICBC);
- Ресей рублі мен еуро бойынша Еуразиялық даму банкімен (EABR);
- Еуро бойынша "Kaspi Bank" АҚ-мен (Kaspi Bank).
"ICBC, EABR және Kaspi Bank келісімдері аясында KASE-ге орталық контрагент ретінде валюта нарығында биржа міндеттемелерін уақтылы орындау үшін қытай юанінде, ресей рублінде және еурода өтімділікті ұсынуға ниетті",- делінген KASE хабарламасында.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚР ҰБ) "Орталық контрагентке өтімділікті ұсыну тетігі туралы" қаулысына сәйкес ҚР ҰБ KASE-ге орталық контрагент ретінде теңгемен және АҚШ долларымен өтімділікті ұсынады.
Айта кетейік, биржалық нарықта саудаланатын барлық шетелдік валюталар бойынша өтімділік провайдерлерінің болуы валюталық нарық қатысушылары үшін орталық контрагент ретінде KASE сенімділігін айтарлықтай арттырады және биржалық мәмілелер бойынша есептесулердің уақтылығы мен толықтығына қосымша кепілдік береді, бұл валюталық нарықты дамыту, оның өтімділігін және валюталық биржалық бағамдардың репрезентативтілігін арттыру контексінде маңызды.
"Жасалған келісімдері шеңберінде ICBC, EABR және Kaspi Bank валюта нарығындағы дефолт жағдайларын реттеу үшін KASE-ге көрсетілген валюталардағы өтімділікті ұсынуға дайын. Бұл ретте өтімділік провайдерлерінің қатысуымен дефолттарды реттеудің қабылданған рәсімдері KASE сауда-саттықтың барлық қатысушылары алдындағы міндеттемелерді уақтылы орындауға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді биржада.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024