Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Kaspi Bank» АҚ туралы

«Kaspi Bank» АҚ туралы

«Kaspi Bank» АҚ - қазақстандық коммерциялық банк. 2017 жылдың қаңтар айындағы мәлімет бойынша жеке тұлғалардың салымы бойынша 3-орынды иеленеді, жеке капиталы бойынша қазақстандық банктер арасында 6-шы орында.

Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Басқарма төрағасы - Михаил Ломтадзе.

Банк тарихы

1991 жыл, 1 қаңтар — Алматыда халықаралық «Аль Барака Қазақстан» коммерциялық банкі ашылды. Кейін «Банк Каспийский» ААҚ оның мұрагері болды.

1993 жыл, 14 сәуір — «Қазақстан Республикасындағы банктер туралы» жаңа заң күшіне енді. Осыған байланысты Қазақ-Сауд Арабиялық халықаралық коммерциялық «Аль Барака Қазақстан» банкі «Аль Барака Қазақстан» халықаралық банкі» бірлескен акционерлік банкіне өзгерді.

1996 жыл — жыл басында банк акцияларының 50% «Лукойл-Казахстан» АҚ және МD МТ Group (Канада) компаниясына өтті.

1997 жыл, қаңтар — ҚР заңында көрсетілген міндетті қайта тіркеуге сәйкес «Аль Барака Қазақстан» ХБ» атауы «Банк Каспийский» жабық акционерлік қоғамы болып өзгерді. Сәуір айында «Банк Каспийский» ЖАҚ және «Каздорбанк» ААҚ серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді бекітті. Екі ұйымның қосылуы нәтижесінде «Банк Каспийский» ААҚ құрылды.

2000 жыл — «Банк Каспийский» ААҚ ақпан айында «Жеке тұлғаларға кепілдік (сақтандыру) берудің Қазақстандық қоры» ЖАҚ қатысушысы болды.

2003 жыл, тамыз — 2003 жылдың 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына сәйкес «Банк Каспийский» ААҚ  атауының Банк «Каспийский» АҚ  болып өзгеруіне сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуден өтті. Желтоқсан айында «Банк Каспийский» АҚ халықтық акционерлік қоғам дәрежесін алды.

2006 жыл, мамыр — «Baring Vostok Capital Partners»5 тікелей инвестициялар қорының серіктесі Михаил Ломтадзе директорлар кеңесінің құрамына кірді.

2007 жыл, наурыз — Банк Standard Bank PLC, UniCredit Group және ING Bank-тен 200 миллион АҚШ доллары көлемінде бірлестірілген займ алды. Сәуірде «Банк «Каспийский» АҚ акцияларының 95%-дан астамын иеленген CASPIAN GROUP B.V. банктік холдингі директорлар кеңесін қалыптастырғаны туралы хабарлады. Оның құрамына Дэвид Хэкстер, Дуглас Гарднер пен Николай Зиновьев кірді. Шілдеде Михаил Ломтадзе банктің басқарма төрағасы болып тағайындалды. Қарашада банк Еуропалық қайта құру және даму банкінен 59 миллион АҚШ доллары көлемінде 5 жылдық займ алды.

2008 жыл, сәуір — банк Халықаралық қаржы корпорациясынан 100 миллион АҚШ долларын тартты: 80 миллион доллар 7 жыл мерзімге – шағын және орта бизнесті несиелеу үшін және 20 миллион АҚШ доллары – сауданы қаржыландыруды дамыту үшін. 26 қыркүйекте банк акционерлері банк атын өзгерту туралы шешім қабылдады. Жаңа Kaspi Bank брендінің қоғамдық таныстырылымы қараш айында өтті.

2009 жыл, мамыр — Kaspi Bank Голландиялық кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік корпорациясынан (FMO) 5 жыл мерзімге 45 миллион доллар займ алды. Сондай-ақ банк «Самрук-Казына» ҰӘҚ-ның ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру бағдарламасын мерзімінен бұрын толық жүзеге асырды. 3 миллард теңге игерілді. Шілде айында Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау жөніндегі агенттігі банкке құнды қағаздар нарығында банктік және басқа да операцияларды жүргізуге құқық беретін лицензиясының жаңартылған нұсқасын берді.

2011 жыл, мамыр — банк MPP Consulting агенттігі енгізген Қазақстандағы ең қымбат брендтер рейтингінде 8-ші орынға ие болды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қазан айында Kaspi Bank акционерлерінің «Caspian Financial Group» АҚ қаржы холдингін құру туралы өтінішін қанағаттандырды.

2012 жыл, қыркүйек — банктің бас кеңсесі жаңа ғимаратқа көшті.

2013 жыл — Kaspi Bank қазан айында  халықаралық капитал нарығынан 200 миллион доллар тартты.

2014 жыл, маусым — банк PCI DSS төлем карталары индустриясының мәліметтер қауіпсіздігі стандартының талаптарына сәйкес сертификатқа ие болды.

2015 жыл, қараша — «Kaspi» акционерлік қоғамы банктік холдинг дәрежесін алуға келісім алды. «Kaspi» АҚ Kaspi Bank акцияларының жанама иесі болды. Холдингтің акционері мен инвесторлары Вячеслав Ким, Қайрат Сатыбалдыұлы, Михаил Ломтадзе және халықаралық жетекші инвестициялық компания Бэринг Восток Кэпитал Партнерс  басқаруындағы қорлар болып табылады.

2017 жыл, маусым — банктің басқарма құрамы алты адамға дейін ұлғайды. Басқарма төрағасының жаңа екі орынбасары тағайындалды: Павел Миронов мен Тенгиз Мосидзе.

Бизнес-экожүйе

2017 жылдың шілде айындағы мәлімет бойынша Kaspi экожүйесіне еліміздегі азық-түлік емес тауар айналымының шамамен 20% тиеселі.

Өнімдері

Kaspi Gold — дебеттік карта. Алғашында жалақы жобасы аясында ғана шығарылды. 2017 жылдың 1 наурызынан банк аталған картаны барлық жеке тұлғаларға береді.

Kaspi Red — серіктес-дүкендердің тауары мен қызметін шектеулі лимит аясында бөліп төлеуге мүмкіндік беретін карта. Өнім 2016 жылдың 18 тамызында іске қосылды, 2017 жылдың маусым айындағы мәлімет бойынша Қазақстанның ірі 5 қаласында ай сайын 130 мың рет сауда жасайтын 115 мың карта ұстаушы бар.

Kaspi Депозит — жеке тұлғалар үшін капиталдандырылатын жедел салым. 2017 жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша номиналды сыйақы теңгеде 11,4%, долларда 1%.

Банк Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктерінің арасында кредит портфелінің көлемі бойынша бірінші орынды иеленеді. Банктің кредит портфелінің басым бөлігі бөлшек – 96,6%.

2015 жылы кредитке 770 мың смартфон, 86 мың планшет, 48 мың ноутбук, 90 мың тоңазытқыш. Ақшалай эквивалент түрінде сатып алудың жалпы сомасы 159 млрд теңгені құрады.

Банк қолданыстағы бар карталарға ғана қызмет көрсетуді қалдырып, кредиттік картаны шығарудан бас тартты.

Қызметтері

Магазин — несие немесе бөліп төлеуге алу мүмкіндігін ұсынатын электроника, тұрмыстық техника және балалар тауарларының онлайн-маркетплейсі. Магазин 2014 жылдың 28 қарашасында іске қосылды. 2016 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша аталған сервис арқылы Қазақстанда жыл сайын 1,5 млн сатып алу жүзеге асты. 2017 жылдың маусым айында сауда алаңының ассортименті 30 мың тауардан асты. 2018 жыл, шілде — «Қазпочта» АҚ пікірі бойынша Kaspi.kz-тегі Магазин Казнеттегі онлайн-дүкендердің арасында 1-ші орын алды, 2017 жылы интернет-дүкеннің айналымы 54,8 миллиард теңгені құрады.

Төлем — ұялы байланыс, коммуналдық қызмет, айыппұлдар мен салық, білім беру ұйымдары мен басқа да қызметтерге комиссиясыз төлем жасауға мүмкіндік беретін онлайн-қызмет. Сервис 2014 жылдың 26 маусымында таныстырылды. 2017 жылдың шілде айында аталған сервис арқылы ай сайын 4 миллион төлем жасалды.

Менің Банкім — интернет-банкинг. Аталған қызметтің ай сайынғы аудиториясы 1 миллион қолданушы.

Kaspi Әмиян — «Төлем» қызметі арқылы төлем жасауға, кредит төлеуге және теңгелік депозитті толықтыруға мүмкіндік беретін электронды әмиян.

Kaspi Бонус — бейілділік бағдарламасы: сервистер мен банк өнімдерін пайдаланғаны үшін банк «Төлем» сервисі арқылы төлем жасауға мүмкіндік беретін бонустық балл қосады.

Аударым — картадан картағы және банк клиентінің жеке шоттары арасында қаражат аударуға мүмкіндік беретін банктің ұялы қосымшасындағы қызмет.

Kaspi Терминалдары — салымды төлеуге, карталық шот, электронды әмиянды толықтырып, несие және ұялы байланыс операторларының қызметіне төлеуге мүмкіндік беретін төлем терминалдарының желісі. Желі Қазақстанның барлық аумағында орналасқан 4 500-ден астам Kaspi Терминалды қамтиды.

Kaspi Maps — Kaspi бөлімшелері мен терминалдарын, банкоматтар мен банктің серіктес-дүкендерін іздеуге мүмкіндік беретін сервис.

Жетістіктер

2015 және 2016 жылдары әлеуметтік желі мониторингі жүйесі SocialBakers.com мәліметінше банк әлеуметтік желіде сервис ұсыну бойынша топ-500 компанияның тізіміне кірді.

2014 жылы  «Капитал.kz» іскерлік апталығының рейтингі бойынша Kaspi Bank дағдарыс кезіндегі ең үздік стратегия үшін «Қазақстандағы ең үздік банк» жүлдесін, 2016 жылы клиенттерге арналған ең үздік қызметі үшін тағы бір жүлдеге ие болды. 2016 жылы банк қоғаммен байланыс саласында IV қазақстандық «Ак Мерген» сыйлығының «Коммуникация мен қайырымдылық саласындағы үздік жоба» аталымында жүлдеге ие болды.

2015 жылы «Халықтық мойындау» жобасының нәтижесі бойынша Kaspi Bank Ақтау мен Орал қаласында, 2013 жылы Ақтөбе қаласында үздік банк атанды.

2014 жылы «Эксперт РА Казахстан» рейтингі агенттігі банкке халықтың қаржылық сауатын көтеруге қосқан үлесі үшін награда тапсырды.

2013 жылы банктің «ITSM на базе LANDesk Service Desk базасында ITSM үрдістерін автоматтандыру жүйесін қалыптастыру» жобасы  ИТ-директорлардың Global CIO порталы өткізген «Жыл жобасы-2013» конкурсының жеңімпазы болды.

2012 жылы банк 1,7 миллионнан астам кредиттік карта шығарғаны үшін Visa-ның құрмет сертификатына ие болды.

2009 жылы  «The Banker» журналы Kaspi Bank-ке «Жыл банкі 2009» марапатына ие болды.

Қайырымдылық

2008-2013 жылдар аралығында Kaspi Bank «Аяла» қайырымдылық қорына қолдау көрсетіп, перинаталдық орталықтар үшін медициналық жабдықтар сатып алу мен орналастыруға бағытталған «Тыныс ал, балақай» жобасын қаржыландырды.

2010 - 2011 жылдары банк су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға материалдық көмек көрсетті.

2013 жылы Алматы базарларында бірнеше рет шыққан өртте зардап шеккендер арасында Kaspi-дің 4 клиенті болды. Банк өз есебінен бұл клиенттердің кредитін жабуға шешім қабылдады.

Білім

2013 және 2015 жылдары банк қайырымдылық және демеушілік көмек үшін 600 миллион теңгеден астам қаржы жұмсады.

2014 жылы банк еліміздегі қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған «Қаржы мәдениеті» білім беру жобасын іске қосты. Аталған бағдарлама қатарына кірген жобалар:

  • 2014 сәуір — қаржылық сауаттылықты арттыруға, банктік қызмет пен дұрыс инвестициялауға арналған лекциялар сериясы Халықаралық бизнес академиясында өткізілді.
  • 2014 шілде — гранттық қолдау алу үшін білім жобаларының конкурсы өткізлді. Бағдарламаның жалпы бюджеті 180 миллион теңге.
  • 2015 мамыр — «Жұлдыз FM» радиосы және szh.kz сайтында «Қаржы мәдениеті» бағдарламасы.
  • 2016 жылдың наурызы — қаржылық сауаттылық тақырыбында балаларға арналған кітаптар сериясы. Кітаптар Kaspi Bank-тің «Қаржы мәдениеті» білім беру бағдарламасы шеңберіндегі гранттар конкурсы аясында шығарылды. Жалпы тиражы 80 мың дана. Кітаптар Қазақстанның аймақтардағы балалар кітапханаларына тегін берілді.
  • 2014 жылы «Нұр-Жақсылық» қоғамдық қорымен бірге банк компьютерлік сауаттылық бойынша тегін оқу курсын ұйымдастырды. Сондай-ақ, ақпараттық технологиялар, статистика мен эконометрика бойынша білім алып жатқан студенттер үшін «Kaspi мәліметтер зертханасы» жобасы іске қосылды.
  • 2014–2015 жылдары банк «Taiburyl», қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Білімді қолдау» бағдарламасы аясында 30 миллион теңгеге степендия тапсырды.

Мәдениет

Банк түрлі мәдени бағдарламалардың тұрақты серіктесі болды, оның ішінде:

  • Халықаралық әйелдер күні құрметіне «Медеу» мұз айдынындағы.
  • «Денис Тен және достары» мұз шоуы.
  • «Astana Piano Passion» жас пианистердің халықаралық конкурсы.
  • «Art of Storytelling» фестивалі.
  • 2014 жылдан бастап банк жыл сайын заманауи этникалық музыканың халықаралық The Spirit of Tengri фестивалінің бас серіктесі болып жүр.
  • Банктің қолдауымен көпсериялы әскери-шытырман «Жоғары құлау» атты фильмі түсірілді.

Спорт

2014 және 2015 жылдары банк қазақша күрестен өтетін республикалық «Қазақстан барысы» турнирінің бас демеушісі болды.

2017 жылы Kaspi VI Алматы Марафонның бас демеушісі болды.

Дереккөз: wikipedia.org

Похожие материалы