Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Kaspi Bank Астанада Kaspi Red клубын іске қосты

Kaspi Bank Астанада Kaspi Red клубын іске қосты

Астаналықтарға енді киім, аяқ киім, сәндік бұйымдар сияқты заттарды енді бөліп төлеу арқылы сатып алуға мүмкіндік туды.  Өйткені Астанада Kaspi Bank-тің бөліп төлеу қызметін ұсынатын Kaspi Red клубы іске қосылады. Бұл туралы банктен хабарлады.

Өткен жылы іске қосылған Kaspi Red-тің жұмысы өте қарапайым. Бұл арқылы дүкендерде тауарды 3 айға бөліп төлеу шартымен алуға болады. Әрбір сатып алған зат құнын теңдей 3 бөлікке бөліп төлей аласыз. Ай сайынғы Kaspi Red төлемін кез-келген Kaspi Терминалда немесе Kaspi.kz сайтында депозиттен немесе Kaspi Gold картасынан төлеуге болады.

Әрбір сатып алған зат үшін Kaspi Red клубының қатысушысына бонус беріледі. 1% кез-келген адам алады. Егер Kaspi Депозитте 1 миллион теңгеден астам депозиті болса 2%. Kaspi Бонус бағдарламаларының акциялары кезінде 5% және одан жоғары бонус алу мүмкіндігі бар.

«Kaspi Red клубының қатысушылары ең танымал дүкендерден бөліп төлеу арқылы сатып алып, әрбір сауда үшін бонус алу мүмкіндігіне ие болады. Kaspi Red арқылы бөліп төлеу шартымен алынған әр зат пайызсыз, комиссиясыз, артық төлемсіз»,-дейді Kaspi Bank басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе.

Kaspi Red клубының Астанадағы дүкен серіктестерінің саны 220-дан асады. Олардың қатарында DeFacto, Intertop, MEXX, LC Waikiki, Kimex, ETAM, Pandora, Mon Amie және басқа да танымал брендтер бар.  Олардың көпшілігі астаналықтардың сүйікті «Хан-Шатыр», «Мега Астана», «Asia Park», «Astana Mall» сауда-ойын-сауық орталықтарында орналасқан.

Kaspi Red Алматыда 2016 жылдың тамыз айында іске қосылды. Бүгінге оның қызметін пайдаланушылар бөліп төлеу шартымен 150 мың рет зат сатып алған. Kaspi Red клубы туралы толығырақ Kaspi.kz сайтындағы Red бөлімінен білуге болады.

Похожие материалы