Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Kaspi Gold картасын қолдануға 7 себеп

Kaspi Gold картасын қолдануға 7 себеп

Қазір көп адамдар төлем картасын таңдауға мұқият мән береді. Жұмыс беруші ұсынған банктен бас тартып, өзіне қолайлы банктің картасы арқылы жалақы алғысы келетіндер де бар. Біз банктердің карталарын салыстыра отырып, қолайлысы Kaspi Gold деген шешімге келдік. Неге?

  1. Комиссия жоқ

Kaspi Gold-пен төлем жасау, банкоматтан ақша шешіп алу, дүкендердегі pos-терминалдар мен Kaspi.kz арқылы төлем жасаған кезде комиссия алмайды. Тек есерте кетейік, банкоматтан ақша алу кезінде айлық лимит 300 мыңнан аспауы керек. Одан асса артық соманың 0,99% көлемінде комисися бар. Мысалы: бір айда 350 мың теңге шешіп алдыңыз. Мұның 300 мыңы комиссиясыз. 50 мың теңгеден 0,99% комиссия – 475 теңге алынады. Тағы бір төлем алатын жері – Kaspi картасынан басқа банктің картасына төлем жасаған кезде. Айтпақшы әлемнің және қазақстандағы кез-келген банктің банкоматынан ақша алу комиссиясыз.   

  1. Бонустар

Егер картамен төлем жасасаңыз, төлем сомасының 1% бонустық шотыңызға қайтады. Ал арнайы акция кезінде мұндай бонустар 5%-ға дейін барады. Мысалы: биыл жаз кезінде аквапарк, бассейн, ойын-сауық орталықтарындағы төлем 5% болды. 1 бонус – 1 теңгеге тең. Жиналған бонустарды коммуналдық төлем, ұялы телефон үшін комиссиясыз төлемге жұмсауға болады. Мысалы: 1 000 бонус жинадыңыз. Ол 1 000 теңге. Kaspi.kz арқылы ұялы телефоныңызға тура сол 1 000 теңгені бірлік ретінде салсаңыз болады. Және әр айдың аяғында картаңызда қалған қаражат үшін жылдық 10% сыйақы бонус түседі.

  1. Картаға қаражат салу өте оңай

Қолыңыздағы Kaspi Gold жалақы картасы болмаса да оған ақша салу өте оңай. Қазір кез-келген қаладан Kaspi терминалын табу оңай, егер қиын десеңіз Kaspi.kz-ке кіріп Maps бөлімінен өзіңізге жақын жердегі терминалды тауып алсаңыз болады. Терминал арқылы картаны комиссиясыз толтыра аласыз. Картаңызға 10 000 теңге салғыңыз келе ме? Терминалда картаны толтыру бөлімін таңдайсыз, ақшаны саласыз. Еш комиссиясыз тура 10 000 теңге секунд ішінде картаңызға түседі. Немесе Qiwi Кошелёк, Webmoney, Яндекс.Деньги арқылы аударсаңыз болады.

  1. Картадан ақша шешу оңай

Kaspi.kz-ке кіріп Maps бөлімінен кез-келген банктің өзіңізге жақын банкоматын тауып аласыз. 300 мың теңгеге дейін қалаған сомаңызды комиссиясыз шешіп аласыз.

5. Картаны рәсімдеу өте оңай

Атыңыз жазылған картаны апталап күтудің қажеті жоқ. Банктің кез-келген бөлімшесінде көз алдыңызда 5 минутта картаны дайындап, қолыңызға ұстатады. Картаны рәсімеу тегін.   

  1. Жанап төлеу қызметі 

Көпшілігіміз кассада картаны сатушының қолына бергіміз келмейді. Сондықтан қазір жанап немесе картаны құрылғыға тигізіп төлегісі келетіндер көп. Әрі дүкендерде жанап тигізу арқылы төлем қабылдайтын pos-терминалдар көбейді. Құрылғыға тигіздің. Пин-кодты енгіздің, бәрі дайын.

  1. Шығындарды сараптау мүмкіндігі

Картаңыздағы қаражатты қайда жұмсағаныңыз Кaspi.kz ұялы қосымшасында тәпіштеп тұрып жазылған. Мысалы: мен супермаркетте, жанармай бекетінде, автожуу орталығында, қыдыруға қанша жұмсадым, неше теңгені банкоматтан алдым бәрін көре аламын. Кейде осыған қарап отырып шығындарымды қысқартудың керегін түсінемін.

Kaspi Gold картасы туралы кез келген сұраққа жауапты мына жерден табасыз: kaspi.kz

Похожие материалы