Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Kaspi.kz брендіне 14 жыл толды

Kaspi.kz брендіне 14 жыл толды

Алматы. 15 қараша. 7kun.kz – Бүгін Қазақстанда қаржыгерлер күні және Kaspi.kz брендіне 14 жыл толды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Осыған орай Kaspi.kz басшысы және тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе әлеуметтік желі арқылы сүйікті клиенттеріне хат арнады.

«Біздің сүйікті клиенттеріміз, 

Қазақстанда құрылған Kaspi.kz компаниясына 14 жыл толады! 

Біздің керемет командамыз күннен күнге адамдардың өмірін жақсартатын инновациялық сервистерді жасау үшін аянбай еңбектеніп жатыр.

Біз әрдайым Қазақстанды әлемдік инновация картасына енгізгіміз келетін, ал мұны сіздердің көмегіңізбен іске асырдық.

Бүгінгі таңда сіздер шетелде жүріп, Қазақстанда өмір сүру үшін жайлы жағдай жасалғанын, өйткені ыңғайлы Kaspi.kz қосымшасы бар екенін айтқанда, Қазақстанға келген қонақтар елімізде технологиялар мен инновациялық онлайн-сервистердің соншалықты дамығанына таңғалып, біздің жолымыз болғанын айтқанда, көптеген басқа елдерге қарағанда бізде әлдеқайда жақсы екенін айтқанда, әрқайсымыздың кеудемізді мақтаныш сезімі кернейді!

Үздік Kaspi.kz қосымшасының сервистерін ай сайын 12 миллионнан астам қазақстандық қолданады. Біз сондай-ақ кәсіпкерлерге арналған Kaspi Pay үздік қосымшасын жетілдіріп жатырмыз, оны бүкіл еліміздегі 400 мыңнан астам компания мен дүкен пайдаланады. Kaspi Pay серіктестерінің көпшілігі – шағын және орта бизнес өкілдері. Біз қазақстандық компанияларға өз бизнесін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға жәрдемдесеміз. 

Командамыз алдағы уақытта да ел игілігі үшін еңбек етіп, қазақстандықтарды жаңа инновациялық сервистермен қуанта бермек. Бізбен бірге болғаны үшін әрбір сүйікті клиентіміз бен серіктесімізге рақмет айтамыз! 

Командамыз үшін ең үлкен марапат –клиенттеріміздің сүйіспеншілігі!», – деп жазды Михаил Ломтадзе.

Похожие материалы