Алматы. 9 қараша. 7kun.kz - Kaspi Bank 2019 жылы IPO-ға шығып, Лондон биржасына акция орналастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін банктің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе Алматыда жаңа қызметтерін таныстыру барысында айтты.
- Көптеген адамдар қандай да бір жолмен Қазақстанды әлемдік инновация картасына қосуды сұрайды. Мұны біз әріптестермізбен, акционерлер және серіктестермен жиі талқылаймыз. Әрбір елде чемпион-компаниялар бар. Америкада - Amazon, Қытайда – Alibaba, Yandex – Ресейде, Kaspi.kz - Қазақстанда. Біз үлкен мақтанышпен келесі жылы Kaspi халықаралық нарыққа шығатынын хабарлаймыз. Біз лондонның қор биржасына IPO-ға шығамыз, - деді Михаил Ломтадзе.
Айта кетейік, Kaspi Bank Қазақстанның ең табысты банктерінің үштігіне кіреді. Банк ағымдағы жылдың алғашқы 9 айында 75,8 млрд теңге (былтыр – 37,1 млрд теңге) табыс тапты. Банктің жеке капиталы 01.09.18 ж.жағдай бойынша 199,7 млрд теңгені құрайды, активтері– 1 трлн 599 млрд теңге.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024