Алматы. 20 ақпан. 7kun.kz – Ең танымал Kaspi.kz қосымшасын енді 3 миллион қазақстандық қолданады. Жақында Тараз қаласының тұрғыны Мейіржан Әшіров 3 миллионыншы қолданушы атанды, - деп хабарлайды
КТК телеарнасы.
Kaspi.kz қосымшаның 3 миллионыншы қолданушысын Алматыға шақырды. Компания қызметкерлері кеңселерін көрсетіп, жұмыстары туралы айтты. Kaspi.kz ұялы қосымшасы әрқашан жаңа қызмет қосылып тұрады. Мысалы, жақында тікелей қосымшадан Kaspi Депозит ашу және Kaspi Gold картасын рәсімдеу мүмкіндігі пайда болды. Әрбір қолданушының енді жеке QR-коды бар. Бұл арқылы банкоматтан қолма-қол ақша және ақша аударымын алуға мүмкіндігі бар. Қосымшаның барлық мүмкіндігін 3 миллионыншы қолданушыға сервисті жасаушылардың өзі көрсетті.
Бұдан кейін Мейіржан Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадземен кездесті.Өмірді жақсартатын қызметтер бәріне ұнайды. Kaspi.kz ұялы қосымшасының айтарлықтай сұранысқа ие болуының құпиясы туралы бізге Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе айтып берді.
«Kaspi.kz ұялы қосымшасының көмегімен біз сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартуға тырысамыз. Тиімді сауда жасап, комиссиясыз төлем жасауға, бонус жинауға болады. Жақында біз жаңа екі қызмет қостық. Тікелей қосымшада онлайн Kaspi Депозит ашу және Kaspi Gold картасын рәсімдеуге болады», - дейді
Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе.
«Мен заманауи ең мықты компанияның орталығында болғаныма қуаныштымын. Компания басшысының өзінің сервистер туралы түсіндіргені қызық болды. Өзім үшін өте қызықты, жаңа дүниелерді білдім. Енді барлығын қолданамын», - дейді Мейіржан Әшіров.
Мейіржан Әшіров өрт сөндіруші. Бұл қауіпті әрі жауапты жұмыс. Жақында Таразда тұрғын үй өртенді. Өрт сөндірушілер командасы жалынды ауыздықтап, 10 адамды құтқарды. Кәсіби өрт сөндіруші үшін бұл әдеттегі жағдай. Олар күн сайын адам өмірін арашалайды. Ал жұмыстан тыс кезде уақытын отбасы мен күнделікті тіршілікке арнайтын қарапайым жандар.
«Өрт сөндіруші болып жұмыс істеймін. Жұмыс ауыр, кезекшілікте боламыз. Бос уақытымды отбасыммен өткізуге тырысамын. Жақында Kaspi.kz қосымшасын пайдалана бастадым. Пәтерақы, телефон үшін төлеймін. Көптеген қызметтердің бары қуантады», - деді қосты Kaspi.kz қолданушысы.
Жаңа технологиялар адамдардың өмірдін жақсартып, уақытты үнемдеуге керек. Kaspi.kz-тен біз ұялы қосымшаның уақытты да, қаражатты да үнемдеуге мүмкіндік беретінін көріп отырмыз. Kaspi.kz-те бұл тек бастамасы ғана дейді және өзгерістерді бақылап отыруға кеңес береді.
Тэги:
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024