KAZ Minerals 2015 жылдың 9 ай ішіндегі өндірістік қызметінің қорытындысын шығарды. Қорытынды бойынша KAZ Minerals Тобы 58 мың тонна катодты мыс өндірді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Өндіріс қарқыны жыл соңына қарай компания жоспарлаған 80-85 мың тонна көрсеткішіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Концентраттағы мыс өндірісі 67 мың тоннаны құрады. Есепті кезеңде компания 5,47 млн тонна кен өндірді. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 56%-ға артқан. Себебі Шығыс Қазақстандағы кеніштер мен Қырғызстандағы Бозымшақ карьерімен қатар, алғаш рет, Ақтоғай (ШҚО) кен орнының кені есепке алынып отыр. Кен құрамындағы мыстың орташа мөлшері 1,51% құрады. «Шығыс аймақтағы кәсіпорындардың және Бозымшақ кенішінің тұрақты өнімділігі мыс пен ілеспе өнімдердің өндірісіндегі жылдық мақсаттарға қол жеткізілетіндігіне сенімділік береді. 14 тамызда Бозшакөл кен орнында болған өрттің салдарынан зақымданған жабдықтар ауыстырылып жатыр, енді біз 2016 жылдың бірінші тоқсанында фабриканың іске қосылуына сенім артып отырмыз. Қыркүйек айының соңында Ақтоғай кен орнындағы тотықты кеннің ылғалдандырылуы басталды. Компания осы жылдың өзінде-ақ алғашқы ақтоғайлық катодты мыстың өндіріліп шығарылуына сенім артып отыр», - деді KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Олег Новачук. КAZ Minerals – Қазақстанда заманауи, азшығынды тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған өсу әлеуеті зор мыс өндіруші компания. Компания – Қазақстандағы жетекші мыс өндірушілердің бірі. Компанияның иелігінде Шығыс Қазақстанда орналасқан қолданыстағы төрт кеніші, үш кен байыту фабрикаcы және Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кеніші бар. 2014 жылы 84 мың тонна катодты мыс өндірілді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024