Алматы. 25 ақпан. 7kun.kz – Өткен аптада Қазақстан қор биржасында (KASE) KAZ Minerals акциялары қымбаттады.
Сауда қорытындысы бойынша, 2019 жылғы 18-22 ақпан аралығында мыс компаниясының баға белгіленімі 4,06%-ке 3 226 теңгеге дейін өсті.
Сондай-ақ, «Қазақтелеком» АҚ акциялары 2,3%-ке (28 202 теңге) және Kcell + 1,9%-ке (1845 теңге) қымбаттады. «ҚазТрансОйл» АҚ баға белгіленімі 0,5%-ке (1,395 теңге) және Халық банкінікі 0,1%-ке (102,66 теңге) өсті.
Сонымен қатар бір апта ішінде екі эмитенттің ЦентрКредит Банкінікі – 1,2%-ке (238,15 теңге) және KEGOC акциялары – 0,1%-ке (1587,29 теңге) арзандады.
Жалпы, KASE индексінің мәні бір апта ішінде 1,26%-ке өсіп, 2 362,49 пункт деңгейінде бекітілді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024