KAZ Minerals тобы 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы түсімін 9%-ға, $846 млн дейін төмендетті деп айтылады компания есебінде.
Лондон қор биржасының мәліметтеріне сәйкес 2014 жылы компанияның таза шығыны $234 млн болды, оның алдындағы жылы $90 млн таза пайда көрсеткен еді.
Топтың активтері былтырғы жылы 1,5 есе - $5,718 млрд дейін, міндеттемелері 17,8%-ға, $3,614 млрде дейін кеміді. Меншікті капиталы екі есе $2,104 млрд дейін қысқарды.
Компания ақпаратына сүйенсек, түсімнің мұндай көрсеткішіне металл бағасының төмендеуі және өткізу көлемдерінің азаюы себеп болды.
2014 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша KAZ Minerals тобының таза берешегі $962 млн қамтыды, бұл Павлодар облысында Бозшакөл және Шығыс Қазақстан облысында Ақтоғай ірі кеніштерін салуға жұмсалатын кұрделі шығындардың жоспарлы арттырылуын білдіреді.
"Өсім жобаларын іске асыру үшін инвестициялардың қажет болғандығына байланысты директорлар кеңесі дивидендтерді төлеуді ұсынбайды. Листингтен бері топ акционерлерге шамамен $2,1 млрд төледі және келешекте төлемді қайта бастауды жоспарлап отыр", - делінеді хабарламада.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024