Алматы. 9 ақпан. 7kun.kz – Ақпан айында Астана қаласында Қазақстанда жұмыс істейтін Оңтүстік Кореядан келген инвесторлармен кездесу өткізіледі. Іс-шарада Қазақстанда бизнес жүргізу шарттарын жақсартудың өзекті мәселелері қарастырылатын болады, деп мәлімдеді «Kazakh Invest» баспасөз қызметі.
Ол туралы «Kazakh Invest» Басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен Қазақстандағы Корей Республикасының Елшісі Ким Дэсик Астанада өткен кездесу кезінде келісті.
Бұдан басқа, елдер арасында инвестициялық ынтымақтастықты белсендіру мақсатында Сеул қаласында көктемде Қазақстан-Корея Іскерлік кеңесі өтеді. «Kazakh Invest» артықшылықты инвестициялық жобаларды, сондай-ақ қолдаудың заңнамалық шаралары мен ұлттық компания тарапынан әкімшілік сүйемелдеуді қоса, Қазақстанның қабылданған Ұлттық инвестициялық стратегиясына сәйкес қолдау аспаптары таныстырады.
«Өз кезегінде, Қазақстандағы Корея Республикасының Елшілігі Іскерлік кеңес отырысына елге инвестициялауға мүдделі Оңтүстік Кореяның перспективалы компанияларын шақыруға көмектеседі», - деп атап кетті Елші Ким Дэсик.
Кездесу барысында Сапарбек Тұяқбаев пен Ким Дэсик мұнай-химия, медицина, ауыл шаруашылығы және т.б. саласында жобаларды бірлесіп іске асыруды талқылады.
Әлеуетті бірлескен жобалардың бірі – Атырау облысында бірлескен газ-химия кешенін салу. Аталған жобаны іске асыруға Оңтүстік Кореяда 18 жеке зауыттан тұратын және шетелде 52 филиалы бар, ірі көлемді энергетикалық және мұнай-химия зауытын басқаратын «Hanwha Total Petrochemical» компаниясы қызығушылық танытты.
Анықтамалық: Корея инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан үшін 11 басымдыққа ие елдердің тізіміне кіреді. Қазақстанға Кореядан тіке шетел инвестицияларының тартылуы 2005 жылдан 2017 жылдың І жартыжылдығы бойына 4 570,7 млн АҚШ долларын құрады.
Қания Табыс
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Бизнес пен компанияларға қатысты өзге де жаңалықтар.Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024