Алматы. 6 қыркүйек. 7kun.kz – bonprix.kz интернет-дүкені 2 қыркүйектен бастап жұмысын тоқтатты. Интернет-дүкен сайтында хабарлағандай, бұрын тапсырыс берілген тауарлар мерзімінде жеткізіледі. Компания Қазақстанда 2012 жылдан бастап жұмыс істеген еді.
Forbes Kazakhstan журналының қыркүйек айында жарияланған «30 ірі сауда интернет-алаңдары» рейтингі бойынша bonprix.kz интернет-дүкені 20-шы орында. Сараптамалық деректерді талдау негізінде алынған нәтижелер компанияның Қазақстандағы табысы 2018 жылы 5,1 млн долларды құрағанын, ал түсім динамикасы 27% - ға төмендегенін көрсетеді.
Bonprix — бұл мен киім-кешек пен аксессуарлардың бөлшек саудасына мамандандырылған неміс компаниясы. Штаб-пәтері Гамбургте орналасқан компания 1986 жылы Otto Group концерні аясында құрылды. Тауарлар ассортиментіне әйелдер мен ерлердің киімдері, аксессуарлар, балаларға арналған киім, сондай-ақ үйге арналған тоқыма бұйымдары мен декор заттары кіреді. Компания өзінің бес брендін әзірлейді және ай сайын жаңа коллекциялар шығарады. Қазіргі уақытта компания Еуропаның, Ресейдің, Солтүстік және Оңтүстік Американың 30 елінде ұсынылған. Bonprix-те барлығы 3900 қызметкер жұмыс істейді.
Otto Group концернінің онлайн-сатылымы 7,7 млрд еуроны құрайды. 2018 жылы концерн Ресейдегі Quelle және Otto киімінің онлайн-дүкендерін жабу ниеті туралы мәлімдеді. Компания неміс тілді елдерге шоғырлануды шешкен.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024