Алматы. 11 сәуір. 7kun.kz – 2018 жылы төлем карточкаларын ұстаушылар (19 млн адам) 19,9 трлн теңгеге 810,2 млн транзакция жасаған.
Оның негізгі бөлігін қолма-қол емес операциялар (64,7%) құрайды. Қолма-қол ақшасыз транзакцияның жалпы карточкалық транзакция көлеміндегі үлесі 32,0%.
Бұл ретте 2017 жылмен салыстырғанда қолма-қол ақшасыз карточкалық транзакциялардың көлемі 109,5%-ға өсті, ал қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялар көлемінің өсу қарқыны (26,5%) 4 есеге өсті.
Айта кетейік, 2019 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша банктер және Қазпошта 23,4 млн төлем карточкасын шығарған.
Дереккөзі: ҚР Ұлттық банкі