Қазақстанның жоғары сапалы тауарларды жеткізуші ретіндегі имиджін қалыптастыру мақсатында бәсекеге қабілетті экспорттық брендтерді дамыту жалғасатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлімдеді.
Елдегі өнеркәсіпті дамыту бағыттарының бірі - шетелге шығарылатын қосылған құны жоғары өнімді шығару. Президент Нұрсұлтан Назарбаев осыған байланысты Үкіметке қазақстандық экспортшыларды, соның ішінде жаңа бәсекеге қабілетті брендтерді құру арқылы қолдау мәселелерін пысықтауды тапсырды. «Біз экспортқа 850 тауар шығарамыз, олардың 160-ы бойынша Қазақстан үздік 50 экспорттаушы елдердің қатарына кіреді. Сатылымдар географиясы ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін, Ауғанстан, Иран, Қытайды қамтиды. Біздің ел сары фосфордың әлемдік экспортының 40%-ын алады. Уран бойынша біз нарықтың 46%-ын аламыз. Сонымен қатар біз үн экспорты бойынша әлемде екінші орындамыз», - деді министр. Оның айтуынша, елдің экспорттық әлеуетін одан әрі дамыту үшін алдағы бес жылда қолданыстағы брендтерді дамытуға баса назар аударылады. «Қазақстандық тауарларды брендтеу төрт бағытта жүргізіледі. Біріншісі – «Ұлттық чемпиондар» бастамасы, оның аясында қазіргі таңда 32 компания іріктелді. Келесі бағыт – сыртқы нарықтардағы өсу әлеуетін ескере отырып іріктелген бәсекеге қабілетті экспорттық тауарларды қолдау. Үшінші бағыт – салалық белгісі бойынша тауарлардың бірнеше тобын бір брендтің астында ілгерілету. Және төртіншісі бірегей брендтерді құруды көздейді. Бұл «зәкірлі инвесторларды» тартумен әзірленген инновациялық және жоғары технологиялық тауарлар», - деп хабарлады Ә. Исекешев. Бұл шаралар «KAZBRANDS» экспорттық брендтерді қолдау жөніндегі біртұтас тәсіл аясында біріктірілетін болады, ол Қазақстанның жаһандық брендтерін қалыптастыру жолында қолдаудың қаржылық көзіне айналып, олардың дамуын қарқындататын болады. Осы тәсілді іске асыру нәтижесінде сыртқы нарықтарда «Қазақстанда жасалған» өнімінің имиджі нығая түсетін болады. Сол арқылы қазақстандық өндірушілердің шетелде ұзақ мерзімді болуы және еліміздің халықаралық беделінің өсуі қамтамасыз етілетін болады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024