Kazenergy қауымдастығы 2015 жылдың қорытындысы бойынша кен өндірушілердің болжанып отырған шығынын ескере отырып, Қазақстанда экспорттық кеден бажының (ЭКБ) толық алынып тасталынуын талап етуде деп хабарлайды қауымдастықтың баспасөз қызметі.
"Кен өндірушілері өздерінің салықтық жүктемесін қысқартып, осылайша болжанып отырған шығын өтеу .шін қауымдастық ЭКБ мөлшерлемесін едәуір төмендетуді немесе ЭКБ-ны толығымен алып тастауды қажет деп санайды. 2015 жылы болжамды ЭКБ деңгейі болжанып отырған шығындардың деңгейімен салыстыруға тұрарлық", - деп айтылады жұма күні таратылған хабарламада.
Kazenergy мәліметтеріне сүйенсек, әлемдік мұнай бағасының берреліне 98,99 доллардан барреліне 50 долларға дейін төмендеуіне байланысты 2015 жылы кен өндірушілердің жиынтықты табысы 2014 жыдың нақты көрсеткіштерімен салыстырғанда 46%-ға төмендейді деп болжанып отыр.
"2015 жылы таза табыс болжанып отырған жоқ. Алайда ЭКБ бойынша төлемдер деңгейі 2014 жылдың деңгейінде сақталып отыр, бұл 2015 жылы экспорт көлемінің болжамды артуына байланысты", - делінеді пресс-релизде.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024