Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

KazInvestBank акционері өз-өзіне қол салмақ болған

KazInvestBank акционері өз-өзіне қол салмақ болған
Казинвестбанк акционері, олигарх Нұрлан Тілеубаев 2016 жылдың желтоқсанында өз-өзіне қол салмақ болған. Бұл туралы Exclusive журналына сілтей отырып, Tengrinews.kz жазды. Алайда оқиғаның мән-жайы айтылмайды. "Қазақстандық олигархтар неліктен суицид жасамақ болады? Өткен жылдың желтоқсанында Казинвестбанк акционері Нұрлан Тілеубаев өз-өзіне қол салуға әрекеттенген. Бүгінде оның жағдайы тұрақты. Енді біз астық өнімдері саласындағылардың суицидінің куәгері боламыз", - делінген мақалада. Нұрлан Тілеубаев "Корпорация "АПК-Инвест" ЖШС иесі, "Зерновая страховая компания" АҚ-ның 50 пайыз акциясының иегері, "Холдинг "Алиби" ЖШС үлесікері, 2016 жылдан бастап "Казинвестбанктің" негізгі акционері болды. Ол қазақстандық Forbes рейтингінде 22-орында және 2016 жылдың ең беделді бизнесмендер рейтингінде 35-орында. Оның байлығы 256 миллион долларға бағаланып отыр, деп жазады басылым. Еске салайық,ҚР Ұлттық банкі "Қазинвестбанк" АҚ-ты банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берілген лицензиядан айыру туралы мәлімдеме жасаған болатын.     

Похожие материалы