Лицензиясынан айырылған Қазинвестбанк клиенттері түрлі проблемаларға тап болды. Солардың бірі - Goldman and Young компаниясының директоры Диас Ягмуров.
Оның айтуынша, Goldman and Young косметика, тұрмыстық және индустриалды химия тауарларын өндіретін отандық компания.
"Біз Қазақстан аумағында алғаш рет лицензиялы өнімдер шығару үшін Marvel және DisneyCo компаниясымен келісім жасадық. Еншілес компания арқылы "Павлодар" еркін экономика аймағында тұрмыстық химия таурларының өндіріс орнын аштық. Нарықта жуу құралдарының сатылымын белсенді дамытып келеміз. ЕАЭО-ға тауарлар экспортталады. Алайда қазақстандық заңнаманың жүйелі болмауына байланысты қиындыққа тап болып отырмыз", - дейді ол.
Барлық мәселе Goldman and Young компаниясының 2014 және 2016 жылдары "Даму" қорының бағдарламасы бойынша KazInvestBank-тен кредит алуында болып отыр.
Компания директорының айтуынша, KazInvestBank лицензиясынан айырылған уақытта банктің шотында Goldman and Young-тің тауар айналымынан түскен қаржысы қалған. Сол ақшаны банк алдындағы қарызды өтеу үшін жұмсау жоспарланған. Ал қарызды жабуға жетпеген сома компанияның басқа банктерде ашылған шоттарынан алыну керек еді.
"Алайда бізге Ұлттық банктің уақытша әкімшілік өкілдері хабарлағандай, KazInvestBank-тің шотындағы компания ақшасын банк алдындағы қарызды жабу үшін қолдана алмаймыз. Оның орнына Ұлттық банк өкілдері кредитті жабу үшін басқа қаржы көздерін іздестіруді ұсынып отыр. Мұндай жағдайда біздің компания өзінің міндеттерін дұрыс атқармаған болып есептеледі және айыппұл санкциялары енгізілуі мүмкін. Ең басты проблема - біздің несие тарихымыз бүлінеді. Бұл алдағы уақытта кредит алуымызға кедергі болады", - дейді Диас Ягмуров.
KazInvestBank пен Goldman and Young арасында жасалған келісімге сәйкес, қарыз және несие шартында қарызды өтеу тәртібі қарастырылған. Келісім шарт бойынша "борышкер қарызды жабу үшін несие алған банктегі шотын қолма-қол және қолма-қол емес төлем тәсілдері арқылы толтырып отыруға міндеттеледі, сондай-ақ, кредитор шотында қалған қалдық қаржыны қарыздарды жабу үшін пайдалана береді".
Яғни Диас Ягмуровтың сөзінше, компания келісімдегі шарттарды еш бұзбайды және осыған орай ұйымға айыппұл санкциялары қолданылмау керек.
Осы себепті де компания Ұлттық банктен уақытша әкімшіліктің қарызды басқа қаржы көздері арқылы жабу туралы талабы қаншалықты заңды екенін түсіндіруін сұрайды. "Біз дефолт пен айыппұл шаралары қандай жағдайларға негізделгенін білгіміз келеді. Бұдан бөлек қаржылық жағдайы тұрақты банкке ауысқан жағдайда біздің қарызымызды қайта қаржыландыру мүмкіндігі қалай болатынын түсіндіруін сұраймыз", - деді ол.
Қазіргі кезде Goldman and Young банктің лицензиясынан айырылуына байланысты зардап шеккен басқа да компаниялар тобын құрып жатыр. Осылайша компаниялар өз құқықтарын қорғағылары келеді.
Дереккөз: forbes.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024