Қазком Қытай өнеркәсіптік құрал-сайман импорттаушылары үшін арнайы төлем карталарын шығара бастады
Алматы. 3 шілде. 7kun.kz - Қазкоммерцбанк ҚХР-нан өнеркәсіптік құрал-сайманды ипорттаушыларына – қазақстандық жеке кәсіпкерлерге арналған Cemarket кобрендингтік карта шығара бастады.
Жоба түрлі қытайлық жеткізуші компаниялардың құрал-саймандары мен жабдықтары ұсынылған трансшекаралық электрондық Cemarket коммерция алаңы (cemarket.kz) арқылы халықаралық UnionPay International төлем жүйесі мен Yazhong (Ячжун) компаниясымен серіктестігімен іске асуда.
Жаңа банктік картаның ерекшелігі cemarket.kz интернет-платформасында төлемді жүргізген соң онлайн тәртіпте валюталық келісімшартты рәсімдеу мүмкіндігі бар.
- Сарапшылардың бағалауынша жыл сайын Қазақстаннан Қытайға қолма-қол түрде 5 млрд доллар көлемінде қаражат шығарылады екен. Біздің біріктірілген өніміміз – Cemarket кобрендингтік картамыз есеп-айырысу операцияларын өркениетті арнаға келтіруге көмектеседі. Осы картамен теңгенің долларға немесе юаньға конвертациясы кезінде, сонымен қатар шекара арқылы үлкен соманы өткізу кезінде пайда болатын шығындар мен тәуекелдерді ұмытуға болады, - деді өз сөзінде Қазкоммерцбанктің басқарушы директоры Нұрлан Жағыпаров Қытайдың электромеханикалық тауар импортының сұрақтарына арналған арнайы конференцияда.
Соңғы жылда қытай өнеркәсіптік құрал-саймандардың импорты бірнеше есе өскен, Қытай мен Қазақстан арасында трансшекаралық сауда нарығының үлкен мүмкіндігін көріп отырған Қазкоммерцбанк өз клиенттеріне сұранысқа ие жаңа қызметті ұсынуға қуанышты.
Cemarket.kz электрондық алаңы және есептесу үшін кобрендингтік карта қытайлық кәсіпкерлер мен қазақстандық импорттаушылар үшін бір-бірін делдалсыз табуға әрі валюталық келесімшарттарды рәсімдеуге кететін уақытты үнемдеуге және нәтижесінде мәміленің өзіндік құнын төмендетуге (теңгені АҚШ доллары арқылы юаньға айырбастау кезіндегі валюталық шығындар) көмектеседі.
Cemarket сайты арқылы тауардың бағасын картамен төлеген кәсіпкерлер әр төлемі үшін Cemarket-тен қосымша бонустар алады. Жеке кәсіпкерлер үшін Cemarket кобрендингтік картаны Қазкоммерцбанктің бөлімшелерінде теңгемен, АҚШ долларымен, еуромен және юаньмен 5 жылға ашуға болады.
Cemarket электрондық сауда алаңы туралы Қытайлық Cemarket электрондық сауда алаңы 2016 жылы құрылған. Бүгінгі күні ол түрлі құрал-саймандарды (өндірістік, тау-кен шахта, қайта өндіруші, құрылыс, қойма, ауылшарушылық және табиғат қорғау) шығарушы және сатушы компанияларды біріктіретін сайт, әрі түрлі электромеханикалық, құрылыс құралдары мен жабдықтардың интернет-платформасы. Мұнда 15 негізгі категория бойынша 30 000 мыңнан астам тауардың түрі ұсынылған. Сайт құрылғаннан бері платформа арқылы 30 млн АҚШ долларына жуық тауар сатып алынған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024