Бір жыл ішінде Казкоммерцбанк түсімі 2,2 есе азайды. Банктің баспасөз-қызметі қаржылық есебі туралы осындай хабарлама таратты.
2014 жылы банктің таза түсімі 23,7 млрд теңгені құрады. 2013 жылы бұл көрсеткіш 52,6 млрд теңге шамасында белгіленген еді.
2014 жылы банк активтерін 64,2%-ға немесе 2 трлн 586 млрд теңгеден 4 трлн 247 млн теңгеге дейін көбейтті. Банктегі депозит көлемі 34,6%-ға немесе 2 трлн 264 млрд теңгеге ұлғайды.
Таза пайыздық табыс 2014 жылы 8,8%-ға 141,5 млрд теңгеден 154 млрд теңгеге дейін көбейді. "Өткен жылы пайыздық емес таза табыс 13,7 млрд теңгені құрады. 2013 жылы бұл көрсеткіш 32,1 млрд теңге болған еді. Бұл теңге девальвациясы мен теріс курс бағамына және нарықта қажетті теңгелік ресурстардың болмағандықтан қаржылық құралдарға кеткен шығындарға байланысты", -деп атап өтілген банк хабарламасында.
Бір жыл ішінде қызмет көрсету мен комиссия табысы 31%-ға, 31,5 млрд теңгеден 41,3 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024