Алматы. 27 шілде. 7kun.kz - Kcell ұялы байланыс операторының құнды қағаздары Қазақстан қор биржасы (KASE) мен Лондон қор биржасында (LSE) қымбаттап келеді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
2017 жылдың 26 шілдесіндегі сауда қорытындысы бойынша, отандық сауда алаңындағы эмитент қағазының құны 6,9 пайызға өсті. Акциялардың құны 1342 теңгені құрады.
Компанияның бағаны белгілеуі LSE-де де қымбаттады. Алайда өсім KASE-ден қарағанда аз. Kcell акциялары шетелдік сауда алаңында 5,82 пайызға қымбаттады.
KASE құрамындағы басқа да 4 өнім сауда күнін жақсы аяқтады. Ең жоғары өсім KAZ Minerals (3,6%) пен Халық банк (1,9%) акцияларына тиесілі.
Одан кейін, «ҚазТрансОйл» (1,2%) және «ҚазМұнайГаз» (0,6%) тұр. «Қазақтелеком» акциларында да шамалы өсім (0,001%) бақалды.
Ал ЦентрКредит банкі (1,2%) мен KEGOS-та (0,4%) керісінше баға төмендеді.
Жалпы алғанда сауда қорытындысы бойынша KASE индексі 2,22 пайызға өсіп, 1779,86 пункті құрады.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024