Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Kcell "ақылды қалалық көлік" мүмкіндігін көрсетті

Kcell "ақылды қалалық көлік" мүмкіндігін көрсетті

Алматы. 26 ақпан. 7kun.kz – Kcell және Қазақтелеком Ақмола облысының Ақкөл қаласында өткен "Ақылды қалалар" бойынша кездесуде «ақылды қалалық көлік құралдары» мүмкіндігін көрсетті. Бұл туралы "Кселл" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Ақылды қалалар» бойынша кездесу 22 ақпан күні өтті. Оған Қазақстанның барлық облыстары мен қалаларының әкімдері мен әкімдерінің орынбасарлары қатысып, Smart Akkol жобасы аясында қолданылған Smart City концепциясының технологияларымен танысты.

"Кселл" компаниясы мен "Қазақтелеком" жиын қатысушыларына бірден бірнеше жүйемен жабдықталған автобусты көрсетті. Олар қалалық көлік ұйымдарының, соның ішінде жолаушылар тасымалының негізгі міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Автобуста GPS мониторинг жүйесі орнатылған, SMS арқылы авторизацияланатын WiFi байланысы бар. Бақылау камералары автобус ішіндегі кеңістікті нақты уақыт режимінде қадағалайды, ал «Автомониторинг» қызметі маршруттың жылдамдығын, кестесін және ауытқуларын, тұраққа кіру және шығу уақытын бақылауға, жүргізушіні айқындауға және отын шығынын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бұған қоса, автобуста NFC, QR-код, әдеттегі SMS, сондай-ақ арнайы мобильді қосымша арқылы бірнеше төлем опциялары қолданады.

"Біз қалал әкімдеріне «ақылды қала» қағидасы бойынша қалалық көлікті тиімді басқару жүйесін құруға көмектесетін дайын шешім ұсынамыз. Бірақ ең бастысы, біздің қызмет жолаушылар үшін қоғамдық көліктің жайлылығы мен қауіпсіздігін арттырады. Бұл дегеніміз, жеке көлік құралдарын еліміздің көптеген ірі қалаларында экологиялық жағдайды едәуір жақсартуға  көмектесетін және таңертең және кешкі уақытта көшелердегі қозғалыстарды жеңілдететін көлік иелерінің қалалық көлікке көшуі үрдісіне көмектеседі", - деп түсіндірді «Кселл» АҚ бизнес-нарықты дамыту жөніндегі директоры Вадим Лю.

Сондай-ақ, «Кселл» компаниясы мобильді қаржы саласында қолданыстағы шешімдерді ұсынды және оларды мемлекеттік деңгейде қолдану мүмкіндігін талқылады. Өзінің байланыс орталығының мысалын пайдалана отырып, «Кселл» мемлекеттік байланыс орталығының жұмысын жақсарту үшін жасанды интеллект мүмкіндіктерін көрсетті. Бұдан басқа, компания мемлекеттік органдарға ірі деректер шешімдеріне орай жасалған қызметтерді, құрылғылар мен қауіпсіз байланыс арналарына, SMS-ақпараттандыру, телеметрияға және басқа да шешімдерге арналған жобаларды ұсынды.

Smart Aqkol жобасы - Ақылды қалалардың тұжырымдамасын енгізу бойынша Digital Kazakhstan мемлекеттік бағдарламасының бір бөлігі.


Похожие материалы