
Алматы. 27 сәуір. 7kun.kz - 2017 жылдың алғашқы тоқсанында Kcell ұялы байланыс операторының таза табысы 3,8 млрд теңгені (12,2 млн доллар) құрады. Бұл 2016 жылдың аталған мерізімімен салыстырғанда 42,2 пайызға аз. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады.
Сауданың таза көлемі 0,1 пайызға өсіп, 35,5 млрд теңге болды.
EBITDA көрсеткіші бірыңғай пункттерді есептемегенде 13,1 млрд (12,1%) теңгеге төмендеді. Ал операциялық табыс бірыңғай пункттерді қоспағанда 20,4 пайызға азайып, 7,5 млрд теңгені құраған. Қаржыландыруға кеткен таза шығын 2,7 млрд болды.
Еске салсақ, 2016 жылы Kcell-дің таза табысы 64 пайызға қысқарып, 16,7 млрд теңгені құрады.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025