Kcell компаниясының ұялы байланыс қызметі үшін тапқан табысы 80,2 млрд теңгені құрады. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 19,7%-ға азайған деп хабарлайды LS.
2015 жылдың 9 айында компанияның таза кіріс көлемі 2014 жылман салыстырғанда 39,6 млрд теңгеге (13%) кеміді. Бір акцияның кірісі - 228 теңгеден 198,3 теңге. Kcell компаниясының жалпы табысы 79,7 млрд теңгеден 61,8 млрд теңгеге (-22,4%) түсті. Оператордың есеп беру кезеңіндегі кірісі 8,8%, яғни 128,8 млрд теңге болды. Ал ұялы байланыс қызметінің құрылымы бойынша түсім 19,7%-ға (80,2 млрд тенге) қысқарды. Ал мәліметтерді беру қызметі 29,5 млрд теңгеге (+15,7%) өсті. Интерконнект қызметінің құны 16,76 млрд теңгені құрап, 14,1%-ға азайды. Қосымша қызмет түрлері үшін компания 9 айда 9,76 млрд теңге табыс тапты. Көрсеткіш SMS қызметі кірісіне байланысты 21,7%-ға төмендеді. Kcell компаниясының негізгі акционерлері - нидерландық Fintur Holdings B.V. (51%) және Sonera Holding B.V. (24%) компаниялары.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024