Ксеll өз абоненттеріне 1,5 миллиардтан астам теңгені қайтаратын болды, - деп жазады Tengrinews.kz ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Осы айда "Ксеll" АҚ тұтынушыларға 2012 және 2013 жылдың 9 айы үшін кез келген қолайлы тәсілмен (заттай мәнде, теңгерім) сомасы 1,5 миллиард теңгеден асатын ақшалай қаражатты қайтаруды бастайды", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, Ксеll әлеуметтік жауапкершілігін көрсетіп, өз абоненттеріне 2013 жылғы қазаннан бастап бүгінге дейінгі (монополияға қарсы заңнама бұзылған) кезең үшін ақшалай қаражатты ерікті түрде қайтаратынын хабарлады. Баспасөз қызметіндегілердің хабарлауынша, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің атынан ҚР ҰЭМ монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау қорытындысы бойынша "Ксеll" АҚ-қа бәсекелестік заңнаманы бұзу нәтижесінде алынған ақшалай қаражатты абоненттерге қайтару туралы нұсқама шығарды. Соттардың, оның ішінде ҚР Жоғарғы сотының қарау қорытындысы бойынша, бұл нұсқама заңды және негізді деп танылды.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024