Экономика
Выбор редактора
Кеңес Рақышев "Қазкоммерцбанк" АҚ-ның бақылау пакетіне ие болады
Кеңес Рақышев Қазкоммерцбанк акцияларының бақылау пакетінің иесіне айналды. Банктың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазақстандық кәсіпкер инвестициялық "Альнаир" тобымен Қазкоммерцбанктың акциялар пакетін біріктіретіндігі туралы хабарлаған.
Келісім қажетті рұқсатнамалар алынған кезде жүзеге асады. "Келісім жүзеге асса, банктың қарапайым акцияларының 28,08 пайызын иеленіп отырған «Alnair Capital Holding» ұйымына толыққанды ие болады. Осыған байланысты К.Рақышев «Альнаир» инвестициялық тобының бас серіктесі болады және Alnair-дың банктегі басқа да құқықтарын иеленеді",- деп атап өтті қаржы институтынан.
Кеңес Рақышев пен «Альнаир» инвестициялық тобы Қазком қаржылай есебін жариялап, монополияға қарсы органнан рұқсат алғаннан кейін келісімді аяқтауды жоспарлап отыр. К.Рақышевтың пікірінше, БТА мен Қазкомның деконсолидациясы және банкке жаңа басшылықтың келуі тәрізді жағымды өзгерістер банкке әлемдік деңгейдегі қаржы мекемесі болуға мүмкіндік береді.