Экономика
Кеден: Қазақстанға қытай тауарлары қырғыз тауарлары кейпінде кіріп кетуі мүмкін
Қытай тауарлары Қазақстан нарығына қырғыз тауарлары күйінде еніп кетуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің кедендік бақылау департаментінің басқарма төрағасы Қайрат Маубаев мәлімдеді.
«Қырғызстан ЕАЭО-ға кірді. Ол енді толыққанды мүше саналады. Қырғызстанның біздің интеграцияға қосылуының жағымды да, жағымсыз тұстары бар. Бұл - тауар мен қаржы айналыста еркін жүретін экономикалық алаң. Бұл - жұмыс күшінің алаңы. Тауар реэкспортына байланысты қытай тауарларының қырғыз тауалары кейпінде кіріп кетуі мүмкін деген қауіп бар», — деді ол Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде. Оның айтуынша, осыған орай мониторинг күшейеді. Одаққа мүше мемлекеттердің кеден мекемелері арасында өзара алмасу жақсарды. «Біз осы процесті бақылауда ұстап, мониторинг жүргізіп отырамыз. Қырғызстандағы кедендік әріптестерден қай жерде не рәсімделіп жатқанын біліп отырамыз. Осыған орай белгілі бір шараларды да қолға алатын боламыз», — деді Қ.Маубаев.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024