"Халықтық ІРО" арқылы KEGOC компаниясының акцияларын сатып алған акционерлерге дивиденд төленбейтін болды. 2016 жылдың 29 сәуірінде болған акционерлер жиналысында осындай шешім қабылданды.
Компания өкілдері атап өткендей, дивиденд кәсіпорынның 2015 жылғы шығындарына байланысты төленбейді. "2015 жылдың екінші жартысындағы ҚР Үкіметінің ақш-несие саясатын өзгертіп, ұлттық валютаеркін айналымға жіберілгеннен кейін курстық айырмашылық болып, 35,7 млрд теңге көлемінде шығын шектік. Жағымсыз жағдайларды қалпына келтіру үшін компания операциялық шығындар мен капитал салымдарын оңтайландыру шараларын қабылдады. Нәтижесінде KEGOC-ты таза шығыны 7,8 млрд теңгені құрады",- деп атап өтті компаня өкілдері.
Акционерлер KEGOC-тың құнды қағаздарының әрбірін "Халықтық ІРО" арқылы 505 теңгеден сатып алған. Ал бір жыл ішінде компания қағаздарының баға белгіленіі құбылмалы болып, бағасы 505 теңгеден төмендеген. Қарапайым акциялардың орташа құны 365,4-915,58 теңге деңгейінде болды.
Ал 2016 жылдың ақпан айында корпорация қағаздарының құны 800-915 теңге деңгейінде болып, қалыпты динамика көрсетті.
3 мамыр күні эмитенттің бір ғана акциясының орташа бағасы 853,7 теңгені құрады және 24,6 млн теңгеге 28,8 мың қарапайым акциялар сатылды. Ал сауда кезінде әрбір акция құны 841-870 теңге көлемінде болды. Нарықтағы ең жоғарғы сұраныс бағасы - 841 теңге, ұсыныс бағасы - 870 теңге.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024