"KEGOC" АҚ 2014 жылға қарапайым акциялар бойынша дивиденттерді төлейтінін хабарлады. Бұл жөнінде Қазақстан қор биржасы мәлімдеді.
Аталған шешім 2015 жылдың 30-сәуірінде компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында қабылданған. Бір қарапайым акция дивидендінің көлемі 33,13 теңге. Дивиденд түрінде төленген қаржының жалпы сомасы - 8,613 млрд теңге. Төлем 2015 жылдың 25 мамырында жүргізілді. Осыған дейін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры төрағасының орынбасары Елена Бахмутова KEGOC-тың 2015 жылдың алғашқы жарты жылынан соң дивидендтерді төлейтіндігін айтқан еді. Сонымен бірге, қордың ұзақ мерзімді инвесторларды іздейтіндігін де жеткізген еді. "Біз акцияларымызға 3-5 жыл көлемінде иелік ететін ұжақ мерзімді инвесторлар тартуды көздеп отырмыз. Осы уақыт аралығында олар өз инвестицияларын қайтарып алады деп ойлаймын", - дейді Бахмутова.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024