Қазақстандағы инфляция көлемі ортамерзімді перспективада 8%-дан аспауы қажет. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов КТК арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
"Осы жылы қатаң ақша-несие саясатының арқасында біз инфляцияны жыл басынан бері белгілі бір деңгейде ұстап қалдық. Курс үлкен көлемде өзгеріске ұшырағанда ол бағаға да әсер етеді. Ресейдегі инфляция қазір 17 пайыз, олар 2016 жылы 10 пайыздан азаюы мүмкін деп үміттеніп отыр. Біздегі ресми құжаттарда инфляция 6,8 пайызды құрады. Қазір біз курсқа сараптама жасап, осы жылы қандай көрсеткішке тоқтайтындығын анықтаймыз. Ортамерзімді перспективада инфляция 8 пайыздан аспауы мүмкін", - деді Қ.Келімбетов. Еске салайық, 2015 жылдың 20 тамызында теңге курсы еркін айналымға көшті. Енді оның құны KASE қор биржасындағы сауда нәтижелері арқылы анықталады. Бірақ шектеу бойынша айырбастау пункттеріндегі валюта сатылымы мен сатуының айырмашылығы 2 теңгеден аспауы қажет және жұмыс күнінің қорытындысындағы нәтиже демалыс күндері де сақталады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024