Қазкоммерцбанктің акционерлері мен директорлар кеңесі банктің және оның еншілес ұйымдарының басқару органдарында кадрларды ауыстыруды жоспарлауда. Осыған сәйкес, банктің директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына банктің акционері, директорлар кеңесінің мүшесі Кеңес Рақышевтің кандидатурасы, ал банк басқармасының төрағасы қызметіне – банктің директорлар кеңесінің қазіргі төрағасы Марк Хольцманның кандидатурасы ұсынылады. Бұл туралы банкің баспасөз қызметі хабарлады.
"30 наурызда банк басқармасының төрағасы Мағжан Әуезов Қазақстанның қаржыгерлер Қауымдастығының Кеңесімен (бұдан әрі – Қауымдастық) Қауымдастық Кеңесінің төрағасы қызметіне ұсынылғаны жайлы белгілі болды. Осы сұрақ бойынша Қауымдастық мүшелерінің дауыс беру процедурасы ағымдағы жылғы 11 сәуірге жоспарланып отыр. Егер Қауымдастық мүшелерінің сайлауы оң нәтиже беретін болса, онда Әуезов мырза белгіленген тәртіпте банк басқармасының төрағасы ретінде және директорлар Кеңесінің мүшесі ретінде мерзімінен бұрын өз өкілеттілігін тоқтататыны жөнінде, сондай-ақ Қазкоммерцбанк тобындағы бірқатар еншілес компаниялардың қатарынан шығатыны жайлы өтініш береді", - делінген баспасөз хабарламасында.
Бұл ретте банк басқармасы төрағасының міндетін банк басқармасының мүшесі, басқарушы директоры Әділ Батырбеков уақытша атқаратын болады.
Ал банктің директорлар Кеңесінің төрағасы лауазымына Кеңес Рақышевтің кандидатурасы, банк басқармасының төрағасы қызметіне Марк Хольцманның кандидатурасын ұсыну банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізген соң және ҚР заңымен қарастырылған барлық тиісті процедуралар өткізілген кейін 2016 жылдың мамыр айында қабылданады деп күтілуде.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024