Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кентаудың экс-әкімі миллиондаған доллар пара үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Кентаудың экс-әкімі миллиондаған доллар пара үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы. 13 шілде. 7kun.kz – Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Мақажановқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.

Ақпан айында ұсталған экс-шенеунік аса ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

«Сот анықтағандай, сотталушы лауазымды тұлға бола отырып, өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, ЖШС директорын оған мемлекеттік-жеке кәсіпкерлік шартынан 50 млн теңге көлемінде ақша сомасын беруге мәжбүр еткен. Заңсыз сыйақы алу үшін ол ақша алуға таныстарын қатыстырған, олар ақша алып жатқан сәтте ұсталды», – делінген сот хабарламасында.

Сот бұрынғы әкімді өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салып, қатаң режимдегі колонияда 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Айта кетейік, Дәурен Мақажанов Кентау қаласының әкімшілігін 2019 жылдың сәуір айынан бері басқарған еді.

Похожие материалы