Астана. 12 қаңтар. 7kun.kz - Астанада кептеліс уақытында қалаға кіру заңда жеңілдік қарастырылған азаматтардан басқа жеке көлік жүргізушілеріне 2017 жылдың 21 мамырынан бастап ақылы болады. Бұл туралы Астана қалалық әкімдігінің жолаушылар тасымалы басқармасының бастығы Бекмырза Игенбердинов хабарлады.
Бейсенбі күні өткізілген қоғамдық тыңдалымда "Елорданың көліктік кешенін дамытуға бағытталған 2017 жылғы шаралар бағдарламасы" ұсынылды. Аталған шарада қала көшесіндегі кептелісті жою мақсатында қарбалас уақытта "Ақылы кіру" жобасын енгізілді.
"Көлік кептелісі деңгейі жоғарылаған мерзімде ақылы кіру мәселесі қаралып жатыр. Мақсатымыз қалаға ақылы кіруді енгізу емес, сағат 7 мен 9:30 аралығындағы қарбалас кезеңде көлік кептелісін азайту", — дейді "Астана LRT" компаниясының транспорт жөніндегі директоры Рустам Халилев.
Ол бұл өзгерістің себебін де түсіндіріп өтті. "Біз адамдарды қоғамдық көлікпен жүруге насихаттаймыз, себебі бір автобусқа 100 адам сыяды. Егер автокөлік санына бөлсек, тіпті бір көлікке екі адам деген күннің өзінде 50 автокөлік шығады", — дейді директор.
Астана қалалық әкімдігінің жолаушылар тасымалы басқармасының бастығы Бекмырза Игенбердиновтің айтуынша, таңертең қарбалас уақытта қалаға 13 мың көлік кіреді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024