Қазақстан қор биржасының (KASE) 3 қарашаға арналған кешкі сессиясында доллардың орташа бағамы 283,23 теңге болды. Бұл туралы KASE сайтында хабарланды.
АҚШ долларына қатысты сауда көлемі кешкі сессияда 11 млн доллар болды. Валюта курсына қатысты жасалған келісім саны — 20. KASE мәліметі бойынша, сейсенбі күні кешкі сессияда доллар саудасына қатысты минималды курс 282,85 теңгені құрады; максималды курс – 285,16 теңге. Ал курстың жабылуы кезінде доллар бағамы 283,50 теңге болды. Естеріңізге салайық, 2015 жылдың 20 тамызынан бастап Қазақстан теңгені еркін айналымға жіберген еді. Теңгенің айырбас курсы нарықтық сұраныс пен ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларды ескере отырып ұсынылады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024