ҚР Орталық сайлау комиссиясы және ҚР Сыртқы істер министрлігі алда болатын мәжіліс және маслихат депутаттарын сайлауға 112 елдің өкілдерін шақырады. Бұл туралы Kazpravda.kz хабарлайды. Парламент сайлауыда болатын шетелдік бақылаушыларға аккредитация 2016 жылдың 14 наурызына дейін созылады.
"Орталық сайлау комиссиясы төрағасының атынан 18 елдің орталық сайлау органдарының жетекшілеріне шақырту жіберілді, ал сыртқы істер министрлігі атынан 18 халықаралық ұйым шақырту алады. Осылайша 112 елге шақырту жіберілмек", - деді ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова.
Спикердің сөзінше, 2012 жылдың 15 қаңтарында болған сайлауда ОСК және СІМ арқылы 975-ке жуық халықаралық ұйым бақылаушылары мен БАҚ өкілдері келген. Ал сайлау күні 43 735-ке жуық қазақстандық және шетелдік бақылаушылар, БАҚ өкілдері болған.
Айта кетейік, 13 қаңтар күні мәжіліс депутаттары ҚР Президентіне мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу туралы ұсыныс айтты. Депутаттар жаңадан жүзеге асырылатын реформаларға жылдам кірісу үшін мәжіліс депутаттарының қызмет мерзімін уақтынан бұрын тоқтатып, қайтадан парламент сайлауын өткізу маңызды екенін айтқан еді.
Фото: voxpopuli.kz