Алматы. 28 сәуір. 7kun.kz - Алматының Наурызбай ауданын су басуға себеп - бес бірдей өзендегі су деңгейіні көтерілуі. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Сайран Сайфеденов айтты деп жазады tengrinews.kz.
"Ауданда екі үлкен өзен бар: Ақсай мен Қарғалы және тағы үш кішкентай өзен. Бірақ ол өзендерде су толып жатыр. Су таудағы бөктерлерден келіп, Теңісбаев көшесіне дейін жетті. Ол барлық жақтан жиналып жатыр таудан, көшелерден. Біз қолымыздан келгенді жасап жатырмыз, бірақ жаңбырды тоқтата алмаймыз ғой. Барлық бригада жұмыс істеп жатыр, мердігерлік ұйымдар да. Таңғы сағат алтыдан бері жүрмін. Бүкіл учаскені аралап шықтым. Қазір қайтып сонда барамын", - деді Сайфеденов.
Сондай-ақ, әкім "Достық" коттедж қалашығындағы үйлердің су астында қалуына қатысты пікір білдірді. "Өзен арнасын тарылтқан жоқпыз. Су Элебаев көшесінде орналасқан көпірге сыймай, жол бойымен ағып кеткен. Осы аумақта 7 ауланы су басқан. Су "Достық" коттедж қалашығы арқылы өтіп, Райымбек көшесіндегі "Премьера" тұрғын үй кешеніне дейін барған. Қазір жаңбыр толастамай жауып жатыр, су деңгейі де көтеріліп жатыр. Қазіргі уақытта су тасқынын тоқтату мақсатында техника жұмыс істеп жатыр. Бірақ су барлық жерде арнасын шығып, көшелерге жетті", - деді Наурызбай ауданының әкімі.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы маңындағы саяжайлар мен қаладағы 60 нысанды су басқанын хабарлаған болатынбыз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024