Әлем. 12 маусым. 7kun.kz – Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Ресей күніне арналған құттықтау жолдауында Ресейді толық қолдайтынын білдірді, деп хабарлайды 7kun.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
«Ресей халқы әртүрлі қиындықтар мен проблемаларды жеңе отырып, өз елінің қадір-қасиеті мен қауіпсіздігін қорғаудың әділ ісін жүзеге асыруда үлкен жетістіктерге жетті. Корей халқы оған толық қолдау білдіреді», – деді Ким Чен Ын.
Солтүстік Корея басшысы жолдауын Ресей президентіне зор денсаулық, ал ресейліктерге гүлдену тілеумен аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Ким Чен Ын Жеңіс күніне орай құттықтауында Ресейге қолдау білдірген болатын. Пхеньян Ресей мен КХДР арасындағы достық қарым-қатынастар уақыт талабына сәйкес оң бағытта дамитынына сенім білдірген еді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024