
Нұр-Сұтан. 17 мамыр. 7kun.kz – Қазақстандағы әкімдердің рейтингі жолдардың сапасына қарай анықталады. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Министр «Көлік туралы» заң жобасы аясында орындалған жұмыстардың сапасын бақылауды арттыру мақсатында кепілдік мерзімінде мердігерлермен тең дәрежеде авторлық және техникалық қадағалаудың бірлескен жауапкершілігі енгізілгенін атап өтті.
«Бұдан басқа, жолдардың сапасын қамтамасыз ету үшін мыңнан астам нормативтік-құқықтық актілер қайта өңделуде және жолдардың сапасы бойынша әкімдердің рейтингін анықтау бойынша әдістеме әзірленді, онда келісу және бекіту рәсімі жүргізілуде», – деді министр.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025