Астана. 25 қараша. 7kun.kz – Енді әкімдіктер арқылы кезекке қою тоқтатылады. Баспана кезегінде тұрғандардың базасы ««Отбасы банкіне» берілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, министрлік тұрғын үй саясатын реформалау туралы жаңа заң жобасын әзірледі. Қазір ол парламент мәжілісінің қарауында.
Аталған заң жобасы аясында есепке алу мен басымдықтарды анықтауға және табысқа байланысты мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру тетіктерін өзгерту жоспарлануда.
«Жаңа тетікке сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрғандардың ағымдағы базасы (623 мың адам) «Отбасы банк» АҚ-ға беріледі және әкімдіктер арқылы кезекке қою тоқтатылады», – деді вице-министр.
Аталған заң қабылданғаннан кейін Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады. Осы орталықтың базасында соңғы 10 жыл ішінде баспанасы жоқ барлық азамат кезекке тұрады. Әрбір өтінімге отбасының табысын, мүлкі мен активтерін ашатын цифрлық портрет қалыптастырылады.
«Мұқтаждар азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету кезінде жаңа атаулы тәсілдер әзірленеді. Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланған бірыңғай ақпараттық база болады», - деді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024